KAZ RUS





Абылай ханның қызыл ағашы

Орналасқан жері: Ақмола облысы Бурабай ауданы.

Қысқаша ақпарат: Ауызша  халықтың деректері бойынша, Көкшетаудың маңында, Абылай ханның есімімен байланыстырылған  екі алаң орналасқан: «Үлкен және Кіші алаңы».  Осы орайда, «Ханның Қызыл ағашы» деген жерде Абылай ханның басты алаңы орналасты деген  негіз бар, бұл жерге жиырма жыл бұрын  Бурабайдағы Абылай хан  атындағы музейдің негізін қалаушы Көкшетау өлкетанушысы  Әмина  Тұрсынбаеваның ұсынысымен  мәрмәр тас орнатылып ақын Мағжан Жұмабаевтың өлең шумақтары жазылған:     

                                «Ертеде жел өтпейтін Қызыл Ағаш,   

                                Дариға, бұл күндерде жап-жалаңаш.   

                                Қабірінен әулиенің Алашқа артық,  

                                Ертеде  Абылайға Орда болған ағаш».

Дәл осы  алаңда Абылай хан қазақ хандығы бостандығын, тұтас мемлекетті алып қалу үшін барлық шешімдерді қабылдады.

Аңызға сүйенсек,  осы алаңда қабылданған ең  маңызды шешімдерінің бірі Абылай ханның Орта жүздің ханы Әбілмамбетпен және 120 старшинамен Ресей азаматтығын қабылдауға келісімі туралы Орынбор қаласына бару шешімі болып табылады. 

Көркем Көкшетаудың төңірегі болып келетін осы алаңда, Қаракерей  Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы  Жәнібек, Тарақтыдан Байғазы, Шапырашты Наурызбай, Малайсары, Баян және басқа да батырларына сүйене отырып  жоңғар әскери күшін әлсіретіп,  шапқыншылығына тойтарыс беру  шешімін  қабылдады.  Сонымен қатар, «Ханның Қызыл ағашы» деп аталатын бұл алаңда Абылай хан құрылтай, әскери жиналыстар, тағыда басқа көлемді іс-шаралар өткізілді. Көкшетау тауының шығыс бөлігіндегі  алаң «Абылай хан алаңы» деп аталды.  Бұл жердің табиғатының соншалықты көркем, сұлу, ауызбен айтып жеткізуге мүмкін емес келбетті Көкшетау таулары Абылай ханды  дұрыс шешім қабылдауға  шабыттандыратын.

 «Ханның Қызыл ағашы» деген  топониммен  бірге  «Ханның Қызыл үйі» деген түсінік қалыптасқан,  бұл  жоғарыда аталған орыннан солтүстік-батыс бағытында орналасқан Абылай ханның Ордасы деген ұғымды  білдіретін. 

Деректер: халық аузынан.

Ошибка загрузки данных

Проверьте подключению к интернету

Попробовать еще раз