KAZ RUS





Біржан сал кешені

Орналасқан жері:  Ақмола облысы Біржан сал ауданы Степняк қаласының кіреберісінде орналасқан.

Қысқаша анықтамасы: Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. XIX ғасырда ұлы дарынға тең келетін адам болған жоқ.  Оның әрбір туындысы музыкалық өнердегі үздік туынды.  Біржан сал әндері өзі өмір кешкен заманның неше алуан оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Біржанның алғашқы әндерінің бірі — «Біржан сал» әні. 

Ерте жастан Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) домбырада шебер орындайтын тамаша әнші ретінде танымал болды. Ашу мен жек көру «Жанбота», «Aдасқақ» әндерінде айтылады. Оның өміріндегі трагедиялық күйеніш пен мұң соңғы жылдардағы «Жамбас сипар», «Теміртас» әндерінен  байқалады.  

Әлі күнге дейін оның 40 шақты өлеңдері сақталды, олардың ішінде «Біржан», «Адасқақ», «Көкшетау», «Жанбота», «Ләйлім шырақ» және тағы басқа көптеген танымал туындылары.

Біржан сал айтыстың теңдессіз шебері болды. 1871 жылы Жетісу қаласында өткен Сара Тастанбекқызымен айтысқан айтысы ақындық жанрдың классикасы болды. 1946 жылы композитор Мұқан Төлебаев осы айтысқа негіздеп, Біржан мен Сара операсын жазды, оған Біржанның негізгі әндері кірді.

Барлықтарына әйгілі Біржан сал зиратының діни-мемориалды кешеніне облыс және алыс шетел қонақтары құран бағыштауға келеді.

Мемориалдық кешен-бұл қаланың ең биік нүктесінде орналасқан сәулет композициясы.

Сәулет және мемориалдық кешеннің орталық бөлігін биіктігі-алты метрлік композитордың мүсіні құрайды. Мүсін жоғары тастұғырға орнатылып, ұлы ақынның қолында өзінің өлмес музыкалық шығармаларын орындаған сияқты домбыра бейнеленген.

Тастұғырдың айналасына дем алатын орын, төселген  жолдар, көгалдарға сәндік шамдар, субұрқақ орнатылған. Бұл композицияның авторы - көкшетаулық мүсінші Мұнарбек Бұрмағанов.

Біржан салдың есімін еске алу үшін бүкіл Қазақстанның жер-жерінен келеді. 1991 жылы Көкшетауда Біржан сал ескерткіші  ашылды, ал 2009 жылы «Қазақфильм» «Біржан-сал» фильмін түсірді (режиссері Досхан Жолжоқсынов). Бұл фильм мақтаныш пен кішіпейілділік, ар-намыс пен қорлық сезімін, сондай-ақ жалғыздық пен өміріндегі соңғы махаббат тарихы жайлы түсірілген кино.

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:      

1.    1950 жылы  Қаз КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы мәдени ағартушылық мекемелер істері бойынша Комитетінің тарихи және археологиялық ескерткіштерді қорғау бөлімінің мамандары зерттеді;

2.    1977 жылы Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері зерттеді ;

3.    1980 жылы Қаз КСРО Мәдениет министрлігінің көркемөнер және ескерткіштерді қорғау бөлімінің мамандары зерттеді.

4.     2004 жылы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» МКҚК мамандарымен зерттелді.

Деректемелер:

  1. Ақмола облысының тарихи және мәдениет ескерткіштерін зерттеу құжаттары «Қазқайта қалпына келтіру» РМК ҒЗЖФ жиынтық бөлімі зерттеді. 2006 ж. Ғ.М. Қамалов
  2. Мұханбетқалиев Мұхамедкали Теміртасұлы- Біржан салдың немересі.

Ошибка загрузки данных

Проверьте подключению к интернету

Попробовать еще раз