KAZ RUS





Баубек батыр кесенесі (Жақсы ауданы)

Мазар Қызыл Ту бөлімшесінің Есіл ауылында орналасқан.

Баубек батыр Бекмырзаұлы 1824 жылы Көкшетау облысы аумағында дүниеге келген. Оның әкесі белгілі және ауқатты бай адам болған. Баубек әке-шешесінен ерте жетім қалды. Ол он жасында Кенесары хан  Қасымовтың ортасын түсіп, кейінен оның асыранды баласы болып, одан кейін оны әскери оқуға беріп, оқып шығады. Баубек жастайынан қара күш иесі және өзіннің табаңдылығымен көзге түсіп ерекшеленеді.

15-16 жылдары ол Қырғызстандағы ірі шайқастардың біріне қатысып, танымал қырғыз батыры Отыншы батырды  жеңіп шықты. Содан бері оны Баубек батыр деп атап кеткен. Кенесараның көтерілісіне дайындалу және оның бар жан-тәнімен берілген көмекшісі атанады.

Кенесары мен кіші інісі Наурызбай сол шайқас алаңында қайтыс болады. Баубек батыр тұтқынға алынып, ол қашып шығып, өзінің туған жеріне қайтып оралады.

Баубек көтерілісінен кейін, батыр, оның көптеген аталас туған-туысқандарымен бірге Терісаққан өзенінің маңайына қоныстанды. Олар осы жерде бірігіп және қоныстанып және Терісаққан Есілге ағатындығын айтады. Қазіргі Терісаққан ауылы сол кезде құрылды.

Патшалық үкіметке қарсы көтерілістің қатысушысы шығып, өз халқының құрметіне ие болғандықтан, оның қорғаушысы, оның көзқарасының тұрақтылығына байланысты патша әкімшілігі қарсы шыққан үшін, оны Түмен облысынан шығарып тастады, 1884 жылы қайтыс болды.

Осылайша, Баубек батыр туған жеріне жерленуге тағдыр жазбады. Бірақ, оны ұстауға барғанда, ол өзі бір саусағын қылышымен кесіп тастады, киімдерінің бір қалтасында бір жапырақ қағаз жазып қалдырып кетті. Ол мынандай мәтінде «Мен бұл жерде қалуды қаламаймын, менің өлгенім жайлы хабарды естігенде, осы жерде менің денемнің бір бөлігі ретінде көміп тастаңыздар»-  деп өсиет қалдырды.

Баубек батырдың қайтыс болғаны туралы естігеннен кейін, оның туған-туысқандары  Бесоба деген жерге барлық киімдері мен саусағын көміп тастады, қазіргі Қызыл-Ту ауылының аумағында тастан үлкен мазар салды.

Әйгілі ата-бабасын еске алу туралы батырдың ұрпақтары жиналып, Баубек Бекмырзаұлына үлкен кесегне орнатып, н оны салтанатты түрде 1993 жлы 16 қазанда ашты.  Қызыл Ту ауылын өзгертіп, қазір «Баубек батыр ауылы» деп атайды. 

Белгілі себептерге байланысты, Кенесары Қасымовтың қозғалысына қатысқандардың есімдері ұзақ уақыт бойы ұмыт болды. Сондықтан Баубек батырдың өмірі мен қызметі жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Тарихи материалдар аз сақталған. Көптеген қазақстандық жазушылар өз шығармаларында оның образын сомдады: Мысалы, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясында, Сабыр Шәріповтың «Ерден көлі»  әңгімесінде, атақты тарихшының редакциясымен жарияланған Ермұхан Бекмахановтың «Қазақ КСР-нің тарихында» оның есімі атталады.

Ошибка загрузки данных

Проверьте подключению к интернету

Попробовать еще раз