Беспақыр кесенесі (Қорғалжын ауданы)
Беспақыр мазары- XIX ғасырдың аяғында салынған діни-сәулет ескерткіші болып саналады.
Нұра өзенінің оң жақ жағалауындағы ескі моланың аумағында ашық алаңында орналасқан. Мазар салынған кірпіш құрамы- қойдың сүті, жүні, аттың жалы мен саз балшықтан тұрады. Қазақ халқының соңғы ханы Кенесары Қасымовтың басшылығымен 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық соғыс кезінде қаза тапқан бес адамға Беспақыр мазары салғаны туралы халықтың аңызы бар.
«Беспақыр» сөзінің мағынасы «бес адамның қайғысына ортақтасу» дегенді білдіреді. Мөлшері 30х22 (23) х 10 см және 50х25х10 шикі өңделген кірпіштен қаланған. Кіру есігі көлемі күмбезіннің үстіңгі бөлігі опырылған, кіру аркасының жан-жағындағы қабырғада бұзілған жерлері бар. Күмбездің есігі бар саған түріндегі орындалған мазардың өзгешіл типін сипаттайды.
Екі бөлмелі композиция көлденең осінде шығыстан-батысқа қарай созылған. Шағын көлем пропроциялары қасбет қабырғаларының бірқалыпты формаларымен ерекшеленеді. Шығыс жағындағы аласа аркалы есік диаметрі 2,8 м сопақ бөлменің ішіне апарады, ол шығыңқы кірпіштен қаланған күмбезбен жабылған. Есік осі бойынша диаметрі-6,5 м, қабырғаларының биіктігі- 3 м саған түріндегі негізгі дөңгелек бөлімге апаратын аласа аркалы ойық. Беспақыр мазары Қорғалжын ауданы, Абай ауылында орналасқан.

