KAZ RUS





Ақан серінің ғашығы Ақтоқтының жерленген жері

Орналасқан жері:  Ақмола облысы, Зеренді ауданы Қызылағаш ауылы.

Киелі жер жайлы ақпарат: Арқаның ардагері атанған Ақан сері — өзі өмір сүрген дəуір шындығын əн-музыка, өлең-жыр туындылары арқылы бейнелей білген ұлы суреткер, дарынды композитор. Асыл өнерімен де, жеке бас əдет-мінездерімен де, сəн-салтанатымен де даралана көзге түскен қазақтың ең қадірлі серісі. Жақсылық пен əділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік саналы гуманист. Ол ақынның айтқыры, əншінің саздысы, сазгердің наздысы, серінің сейдіні.

Ақанның туған жері — жасыл желек жамылған қалың нулы, көл-көсір өзен-сулы табиғаты бар, қалың қарағай мен ақ балтыр аққайың бой таластыра өскен Көкшенің кербез сұлуы атанған қасиетті жер. Болашақ ақын 1843 жылы Көкшетау уезінің Шалқар болысында үлкен Қоскөл жағасында дүниеге келді.

Ақан серінің тірідей айырылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі ақынның шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары.

Ақан қалай да Ақтоқтыны алмақ болды. Ақтоқтының беріліп отырған күйеуі ақсақ екен. Қыздың көңілін күйеуден қайтару үшін Сері сықақ қылып улы өлеңдер шығарады:

 Бəрекелді, Ақтоқты, тапқаныңа,

Жібектен шоқ шекеңе таққаныңа.

Бұдан артық Құдайдан не тілейсің,

Шолақ қасқыр түсіпті қақпаныңа...» — деп мысқыл қылады ақын.

Ақанның Ақтоқтының атынан шығарған қайғы-мұңға толы «Ақтоқты», «Ақтоқтының аужары», «Ақтоқтының зары» атты əндері де оның Ақтоқтыға деген шексіз махаббатын білдіреді.

 Қорқамын шымылдықтың құруынан,

Бір жаман қолын салып тұруынан.

Дүниеде қыздан сорлы жан бар ма екен,

Айрылып кете барар руынан?!

Ахау, ахау, арман,

Айхай, жалған дүние-ай!!! —  деп келетін «Ақтоқтының аужары» атты əні сол замандағы қазақ қыздарының басындағы ауыр тағдырын бейнелейді.

Ақырында Ақтоқты берілген күйеуіне барады. Ақанның жүрегінде махаббат та, ашу да күшейеді:

 Ақтоқты, кеткенің бе шыныңменен,

Тар жерде бал берушең тіліңменен.

Кез болдық дарияның қайраңына,

Зарланып əн шырқаймын үнімменен.

 Алдында есігіңнің балдырған жоқ,

Көңілді сұлу қыздар қалдырған жоқ.

Түсімде ұйықтасам да жанымдасың,

Ояна тұра келсем, дəнеме жоқ, — деп  ашулы зар шығарады Ақан сері.

Ақан өмірінде қанша əйел кездескенімен де дəл Ақтоқты оқиғасындай шиеленісті, шытырман болмаған секілді. Бұл Ақанның Ақтоқтыға деген махаббатының биіктігін, беріктігін танытады.

Өзінің туындыларында Ақтоқтыны «Қыпша бел, бəйгі кердің жарауындай» дей келіп, «Барлық қыздың туындай асыл еркем», «Тартылған телеграмма сымындай қылып» деп оны ерекше мүсіндейді. Ақтоқтыны жан-жақты суреттей келіп, ол:

Оралдың ақ иығы аңға тартқан,

Шолпанның жұлдызындай таңға тартқан.

Жамбы мен алтын балдақ жарқыраған,

Секілді Үргеніште ханға тартқан, —

 деп нəзік сұлудан биік тұлға шығарады. Аңға түсер ақиық сұңқарға, таңғы шолпанға ұқсатады. Ал сұлу жүзін əмірі күшті ханға ғана сый-таралғы болар жарқыраған жамбыға, асыл алтын балдаққа балайды.

Ғабит Мүсірепов те өзінің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясында Ақан өмірін оның ескішіл күштерге күресі арқылы суреттейді

Ошибка загрузки данных

Проверьте подключению к интернету

Попробовать еще раз