KAZ RUS





Қылышбай әулие жерленген жер

Орналасқан жері: Ақмола облысы Жақсы ауданы Терісаққан ауылынан 18 шақырым жерде Терісаққан өзенінің оң жағалауында Қылышбай Нұқы баласы, руы Қырғыз бейіті бар.  Кейде «Әулие бейіті» деп де атайды.

Қысқаша ақпарат: Кенесарының 48 батырының бірі – Жекебатыр Терісаққан бойына қырғыздарды алып келген. Қырғыздар кейін Балуан көл мен Қасқа көл жайлауын (қазіргі Жарқайын ауданы)  қоныстанған.

Қылышбай әулие Жекебатырдың немере інісі. Қылышбай әулие  шамамен 1846 – 1905 жылдары ғұмыр кешкен. Оның 5 ұлы болған. Оның көріпкелдігі болған және де өте турашыл адам болған делінеді. Қылышбай Ноқы баласының немересі Қозылдан ұрпақ болуға тиісті.   

Қылышбай әулиенің шариғаты қазақ халқының салт-дәстүріне үйлесімді болған, оның замандасы Жүсіп қажы  өзге молдаларды тоқтатып, «Қылышбайдың  шариғатының қалай да болса қисыны бар деген екен».

Қылыш ата өте аруақты, молда кісі болған, ауырған адамдар қой сойып басына түнеген.  Науқас, жетім қалған балалар мен қарт адамдарға көмектесті. Адамдарды байлардың әділетсіз шешімдерінен қорғаған. Адамдар оны «Алланың жіберген періштесі» деп атаған.

Сол кезде Терісаққан аулында 30 молда болды, соның ішінде қадірлі және ардақтысы осы адам болған. Тың игеру кезінде көшіп келген орыстар Қылышбай бейітіне жақын жерді жырта алмаған. Сол кезде молданың жасаған мейрімділігі мен адал еңбегін есіне алды. Қазіргі уақытта бұл бейітті құрметпен еске алу орыны болып саналады.

Жергілікті өлкетанушы:  Әлсеитов Сақташтың, Мақжанов Тарғын айтуы бойынша.

Ошибка загрузки данных

Проверьте подключению к интернету

Попробовать еще раз