KAZ RUS





Үмбетей жырау жерленген жер

Орналасқан жері: Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл станциясынан 15 шақырым жерде орналасқан.

Қысқаша анықтамасы:  Үмбетей жырау 1706 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Қаратау өңірінде дүниеге келді. Бұл кезең жаугершілік заман еді.

Өзінің ағайыны, қазақтың аса көрнекті батыры Қанжығалы Бөгенбайдың жорық жырауы, жауынгер серігі болады.  Үмбетей жыраудың алуан тақырыптағы біршама туындылары біздің заманымызға жеткен. Жыраудың өнердегі де, өмірдегі де ұстазы – өз әкесі Тілеу болған екен. Үмбетей жырау қаһармандық жырларды, аңыздар мен шешендік сөздерді жетік меңгерген даңғыл көкірек ақын әрі шежіреші, халық музыкасын жақсы меңгерген қобызшы, сонымен бірге сәуегей абыз адам болған. Үмбетей Тілеуұлы – дидактикалық поэзияның шебері. Сол заманның қайраткерлері, саяси оқиғалары жайлы мол мәлімет беретін Үмбетей жырларының бірі – «Бөгенбай өліміне» жыры.

Жыраудың өлең - жырларын артында қалған ұрпақтары және Аманжол Әлжанұлы секілді ақындар ауызба-ауыз айтып күні бүгінге дейін жеткізген. Аманжол Әлжанұлы Үмбетей мұраларын қағазға түсіріп, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына тапсырғанын және «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында жыраудың жинастырған өлеңдері берілгенін атап айтуға болады.

Үмбетей қолбасшыларды, хандарды, би-сұлтандарды халықтың пайдасы үшін жаман мінезден арылуға байланысты сынап, әділ пікірлерді тілге тиек еткен. Оның жыраулық қабілеті, әсіресе жоқтау түрінде екенін айдан-анық көруге болады. Мысалы, “Бөгенбай қазасын Абылай ханға естіртуі” жырында Бөгенбай батырдың өлімі арқылы Абылай ханға жеткізіп, естірту “жанайқайын” байқауға болады. Жалпы Үмбетейдің толғауларында сыни көзбен қарау ұстанымдары орын алады. XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының көрнекті өкілі.  Шежіреге сүйенсек, жырау арғын қанжығалы ішінде жолымбет руынан тарайды. Үмбетей жыраудан төрт ұл дүниеге келген: Әтебек, Батырбек, Белденжана, Боқан. Белденжанасынан – Бұйра, Бұйрадан – Жүзбай, Жүзбайдан – Кәрісмағұл, Кәрісмағұлдан – Атай, Атайдан – Жеңіс, Мэлс, Қуат туады. Үмбетей жыраудың ұрпақтары негізінен Ерейментау ауданының Шәкей ауылында тұрады.

Ерейментау ауданының Қоржынкөл станциясының оңтүстігіне қарай, 10 шақырым жерде Мыңшұңқыр деген қорымда  орналасқан.

Үмбетей - жыраулық поэзияның көрнекті өкілі, жалынды жыршы, адуынды ақын, данагөй абыз. Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы күресте болып, тарихи оқиғаларды нақты жырлаған. Ол халық мүддесі үшін хан көңіліне қарамай, әділ, тура өлеңдер қалдырған.

Үмбетей жырау - елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. "Бөгенбай өліміне", "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауларында ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді. Оны асқар Алатауға теңейді, тегеурінді бүркітке балайды, "Боламшыдай анадан болат тудың, Бөгенбай" деп қастерлейді. Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды.

Үмбетей:

Қалмақты қуып қашырдың,

Қара Ертістен өткізіп,

Алтай тауға асырдың.

Ақшәуілге қос тігіп,

Ауыр қол жидырып алдырдың,

Қалмаққа ойран салдырдың -деп, халқына

Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетті. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасшы батырлардың - Қаракерей ҚабанбайҚаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.

Сол замандағы батырлардың ерлік істерін барынша толғап, кеңінен жырлап, әдеби образдарын жасап кеткен. Үмбетей жыраудың “Ертедегі әдебиет нұсқалары”, «Бес ғасыр жырлайды», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды» атты жинақтары жарыққа шыққан.

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі: 

1. Халық ауыз  аңызы, өлкетанушы- Әдірешев М.Б.

2.Үмбетей жырау туралы Жазушы Сайлау Байбосынның «Ерейментау» кітабында / 2009 ж /,

3. Бөкеш Мейрамның «Дала мен қала» кітабында /2017ж/,

4. « Бес ғасыр жырлайды» 1 том

5. Қазақстан, Ұлттық энциклопедия  “ Тарихи тұлғалар ” 5 том.

Ошибка загрузки данных

Проверьте подключению к интернету

Попробовать еще раз