KAZ RUS





Иманжүсіп Құтпанұлына орнатылған белгі

Орналасқан жері: Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы.

Қысқаша анықтамасы: Иманжүсіп Құтпанұлы (1863-1931) - белгілі әнші-композитор, ұлт азаттық қозғалысының қатысушы өкілі, төкпе ақын, еліміздің тарихына баға жетпес қазынасына үлес қосқан қазақ халқының танымал тұлғасы. Оның «Ерейментау», «Сарыарқа», «Қараөткел», «Сарыбел» және т.б. өлеңдері қазақ халқына кеңінен тараған.

Иманжүсіпті Тараз қаласында Мойынқұм көтерілісін ұйымдастырғаны үшін айыптап, халық жауы деп  1931 жылы 2 наурызда  ату жазасын берді. 1992 жылы ақталып шықты. Әкесінің қайтыс болғанынан кейін, аман-есен қалған Иманжүсіптің баласы- Нұрхан Наманған балалар үйінде тәрбиленіп шыққан баласы бүкіл өмірін әкесіне арнады. Ол қайтыс болғаннан кейін, оның жақсы атын қалпына келтіру, оның сал серілік өмірі мен шығармашылығын зерттеу, табылған ғылыми өмірбаяндық деректермен немересі Иманжүсіп Раушан айналысты.

Иманжүсіптің немересі Иманжүсіп Раушан ширек ғасырдан астам Иманжүсіпке байланысты шығармашылық мұрасын (қайтарылмай жоғалған және ұмытылып қалған 20-дан астам әндерін), 30-ға жуық кітап басылып, 500-ден астам мақалалар жарияланды, деректі фильмдер түсіріліп, 50-ден астам халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, 150-ден астам еске алу кештері, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырды. Ғылыми-зерттеу жоба бағытының бірі- «Шоқан жолдары» Иманжүсіптану болып саналады.

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы с. 8 шақырым жерде Құтпановтардың отбасылық зираты  орналасқан, ақын мен композитордың ата-анасы, ағалары мен қарындастарының маңында жерленген.

Белгілі әнші-композитор, ұлт азаттық қозғалысының қатысушы өкілі,  еліміздің тарихына үлкен із қалдырып, төкпе ақын- Иманжүсіп Құтпановтың  жерленген орнына  ұрпақтары мен аудан және облыс қонақтары еске алып және құран бағыштау үшін келеді.

Жергілікті өлкетанушы: Иманжүсіп Раушан Нұрханқызы.

Ошибка загрузки данных

Проверьте подключению к интернету

Попробовать еще раз