Ақмола облысы жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша кіріспе нұсқаулығы
1. Жалпы ережелер
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны - білім алушылар мен медициналық қызметкерлердің тәжірибелік дағдыларын игеру және оны бақылау үшін қажетті медициналық жабдықтармен, техникамен, құралдармен жэне қүрылғылармен жабдықталған клиникалық базасы бар денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы.
Колледжде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жэне жарақаттанудың алдын алу мақсатында қызметкерлер нақты нұсқаумен қарастырылған келесі талаптарды сақтауға міндетті.
2. Негізгі ережелер
2.1. Еңбек қауіпсіздігі - еңбек барысында зиянды жэне қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлерге эсерінен басқа қызметкерлердің шаралар кешенімен қамтамасыз етілетін қорғау жағдайы.
2.2. Еңбектегі қауіпсіздігінің шарты - қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі мен қорғанысы талаптарына сәйкес келуі.
2.3. Қауіпсіздік жэне еңбекті қорғау мониторингі - ондірісте қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жағдайын бақылау жүйесі, сонымен бірге қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жағдайын бағалау мен болжау.
2.4. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы нормативтер - еңбектің қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін эргономикалық, санитарлық- эпидемиологиялық, психофизиологиялық және басқа да талаптар.
2.5. Еңбекті қорғау - еңбек үрдісі кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе, өзіне құқықтық, элеуметтік-экономикалық ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалдыру және басқа да шаралар жэне заттарды тіркейді.
2.6. Еңбектің қауіпсіз жағдайы - жүмыс беруші жағдай жасаған еңбек жағдайы, онда қызметкерге эсер ететін зиянды жэне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың эсер етуі болмайды немесе олардың эсер етуі қауіпсіздік нормасынан аспайды.
2.7. Жеке қорғаныс қүралдары - зиянды жэне (немесе) аса зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қызметкерлерді қорғауға арналған қүралдар, сонымен бірге арнайы киім.
2.8. Еңбектің зиянды (аса зиянды) жағдайы - өндірістік фактор қызметкерге эсер еткенде ауруға немесе еңбекке қабілеттілігін төмендетуге алып келуі жэне оның тұқымына кері эсер етуі мүмкін. Зиянды өндірістік фактор - өндірістік фактор қызметкерге эсер еткенде ауруға немесе еңбекке қабілеттілігін төмендетуге алып келуі жэне (немесе) оның ұрпағына кері эсер етуі мүмкін.
2.9. Кәсіптік аурулар - қызметкердің өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты зиянды өндірістік факторлардың қызметкерге эсер етуінен пайда болған созылмалы немесе жіті аурулар.
2.10. Қауіпсіздік нормалары - еңбек қызметі кезінде
қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және басқа да нормалар, ережелер, процедуралар мен критерийлермен қамту көзқарасы бойынша өндірістің, өндірістік жэне еңбек үрдісі жағдайын сипаттайтын сапалық жэне сандық көрсеткіштер.
2.11. Еңбектің қауіпті жағдайы - белгілі бір өндірістік немесе жойылмайтын табиғи факторлардың әсері еңбекті қорғау ережелерін сақтамаған жағдайда жарақатқа, кэсіптік ауруға, денсаулықтың оқыс нашарлауына немесе қызметкердің улануына әкеледі, осының нэтижесінде уақытша немесе тұрақты еңбекке қабілеттілік жойылатын, кэсіптік ауру не болмаса өлім тудыратын еңбектің жағдайы.
2.12. Қауіпті өндірістік фактор - оның әсерінен қызметкердің уақытша немесе тұрақты еңбекке қабілеттілігін жоятын (өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру) немесе өлім тудыратын өндірістік фактор.
2.13. Өндірістегі оқыс жағдай - қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкерге зиянды жэне (немесе) қауіпті өндірістік фактордың эсер етуі, оның нәтижесінде өндірістік жарақат, денсаулықтың оқыс нашарлауына немесе қызметкердің улануына экеледі, осының нәтижесінде уақытша немесе тұрақты еңбекке қабілеттілік жойылатын, кэсіптік ауру не болмаса өлімге әкеледі.
2.14. Өндірістік жарақат - еңбек міндеттерін орындау кезінде еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға әкелген қызметкердің денсаулығын зақымдауы.
2.15. Өндірістік санитария - тәжірибелік сабақтарда оқушыларға зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдар жүйесі.
2.16. Өтемақылық төлемдер - қызметкердің еңбек немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған басқа міндеттердіорындауға қатысты жұмыстың ерекше тәртібі мен еңбек жағдайына, жұмысты жоғалту, қызметкерлерге шығынды өтеуге байланысты төленетін ақшалай төлемдер.
2.17. Ұжымдық қорғаныс құралдары - зиянды жэне (немесе) аса зиянды өндірістік факторлардың әсерінен екі немесе одан да көп қызметкерлерді қорғауға арналған техникалық құралдар.
3. Еңбек қатынастары
Қызметкерлердің Кэсіпорынмен еңбек қатынасты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сэйкес еңбек жэне ұжымдық шартпен реттеледі.
Аптадағы жұмыс күні - 5 күн. Сенбі, жексенбі - демалыс күндері.
Кәсіподақ комитетінің төрағасы мен Көкшетау жоғарғы медициналық колледжінің директоры, 2017 жылдың 25 қазанынан бастап жасасқан Ұжымдық шарттың 8 т 8т.14 тармағына сәйкес, 14 жасқа дейінгі екі және одан да көп балалары бар әйелдер тараптардың келісімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысқа кетуге құқылы. Демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.
4. Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру
4.1. Колледждегі оқу үрдісі бойы денсаулықты сақтауға ықпалын тигізетін, қауіпті анықтау, болдырмау немесе шектеу бойынша іс-шаралар жоспарына сэйкес келесідей жұмыстарды орындау қажет:
4.1.1. электр қауіпсіздігі бойынша шаралар;
4.1.2. санитарлық ережелерді сақтау мен орындау бойынша тексеріс өткізу;
4.1.3. өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар;
4.1.4. өрт қауіпсіздігіне техникалық қызмет корсету;
4.1.5. оқу зертханаларында қолданылатын нұсқаулық жэне технологиялық кұжаттаманы тексеру;
4.1.6. орындарда аптечкалардың болуын тексеру;
4.1.7. арнайы есептен бөлінген қаржы есебінен штаттық қызметкерлердің кәсіптік медициналық тексеруін қамтамасыз ету;
4.1.8. міндетті алғашқы нұсқауды өткізу;
4.1.9. студенттерді кабинеттердегі кіріспе нұсқаумен жэне қауіпсіздік техникасы нұсқауымен таныстыру.
5. Оқытушылар мен қызметкерлердің міндеттері
5.1. өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін жэне электр қауіпсізідігін сақтау;
5.2. барлық кабинеттерде тазалықты ұстану жэне сақтау;
5.3. ақаулар табылған кезде қауіпсіздік техникасы бойынша нүсқаушыға мәлімдеу;
5.4. өндірісте туындаған оқыс жағдайлар, кәсіптік аурулардың (улану) белгілері, сонымен бірге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы тез арада тікелей өзінің басшысына хабарлау;
5.5. міндетті мерзімді медициналық тексерістен өту;
5.6. ебекті қорғау жэне қауіпсіздік нормаларын, ережелерін жэне нұсқауларын сақтау.
6. Өндірістік санитария мен жеке гигиенаның негізгі талаптары
6.1. факторлардың зиянды әсерлерін болдырмау немесе азайту мақсатында:
6.1.1. арнайы киім мен жеке киімді белгіленген орындарда сақгау;
6.1.2. кабинеттерде тамақты сақтауға жэне тамақтануға тыйым салынады.
7. Электр қауіпсіздігі
Электр тоғының физиологиялық әсері. Күйік электр тогының жылулық әсерінен болады. Сыммен қатынаста болған жерлер зақымдалады. Бүндай жағдайда қауіпті деңгейдегі күйік те болуы мүмкін. Бұл жағдайдағы алғашқы көмек әдеттегі күйікте көрсетілетіндей, мысалы, соңғы деңгейлі зақымдалуда күйген жерге өсімдік майын жағу. Егер күлдіреулер пай да болса, ешбір жағдайда оларды ашуға болмайды: бұл жағдайда тез арада қауіпсіздік техникасына жауапты адамға хабарлау кажет. Зақымданудың екінші типі адам денесіндегі бүлшықеттердің тартылуымен байланысты (тырысулар). Егер адам қуаты бар сымды қолымен ұстаса, қол бүлшықетінің тырысуынан сымнан қолды ала алмайды. Ешбір жағдайда қуат көзін рубильникті сөндірмей, розеткадан вилканы алмастан оған көмектесуге болмайды. Қуат көзін сөндіргеннен кейін ғана сымды алып тастап, оның қолын ашуға тырысуға болады.
Тоғы бар сымды тартқан жағдайда изоляторда (құрғақтықта) тұру қажет және резеңке етік пен резеңке қолқаппен әрекет ету қажет.
Зақымданудың ең кауіпті түрі - жүрек бүлшықеттерінің тартылуына, яғни демінің тоқтауына әкеліп соғады. Естеріңізде болсын, клиникалық өлімнің ұзақтығы небэрі 5 минут, осыдан кейін бас миы клеткаларының ыдырай бастайды, яғни физиологиялық өлім басталады. Сондықтан, зардап шегушіні электр сымдарынан босатқаннан кейін дәрігердің келуін күтпей, эдіс бойынша жасанды дем беруді бастаңыздар.
8. Өрт қауіпсіздігі
8.1. Өрт кезінде:
8.1.1. 101 нөмірі бойынша өрт командасын шақыру, «Глинин к., 54 үйде орналасқан Көкшетаужоғары медиңиналық колледжінде өрт» деп, хабарлаушының тегін хабарлау, электр тоғынан өшіру.
8.1.2. Қосымша кіру жэне шығу есіктерін ашу. Өрттің шыққан жеріне байланысты кезекшіден кілтті алу қажет.
8.1.3. Арнайы дабыл белгісі арқылы өрт туралы хабарлап, эвакуациялау тэртібін түсіндіру.
8.1.4. Өрт сөндіру шараларына кірісу қажет, ол үшін қолданылады:
1) өрт сөндіргіш қүрал;
2) өрт сөндіру краны;
3) өрт сөндіру қорғанысы.
8.2. Өрт сөндіру құралын қолдану ережесі:
8.2.1. пломбысын алып тастап, сақинасын жүлып алу;
8.2.2. өрт сөндіргіштің аузын өртке қаратып, тетігін басу;
Өрт сөндіргіш қүралдар эр баспалдақ алаңында 3 (үш) данадан болады.
8.3. Өрт сөндіру кранын қолдану ережесі:
8.3.1. эр қабатта 2 (екі) жерде орналасқан өрт кранын (ӨК) ашу;
8.3.2. шланг орамасын ашу;
8.3.3. өрт кранының вентилін ашу;
8.3.4. өртті сөндіруге кірісу.
Өрт крандары әр қабаттың дәлізінде эр баспалдақ алаңында орналасады. Сонымен бірге жертөледе өрт қалқаны болады (шелек, күрек, екі өрт сөндіргіш қүрал, лом, багор).
9. Жылумен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі
9.1. Жылу беру құрылғылары мен жылу жүйелерін және осы қүрылғыларды қолданудың қауіпсіздік техника Ережелерін қатаң сактау.
9.2. Жылу өткізгіш қүрылгыларды, бақылау-өлшеуіш кұралдарды, т.б. техниканы ақаусыз күйде ұстау. Жоспарлы алдын алу тексеріетері мен сынақ жүмыстарын уқытылы өткізіп тұру.
9.3. Төтенше жағдайда зақымдалған аймақты жүйеден ағытып, тез арада Жеткізушімен келісім жасасып, өз ісүшімен және қаржысымен жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылу тарату жүйесінің істен шығуының алдын алу бойынша шаралар қолдану.
9.4. Жылу тарату жүйесі маңына ғимарат салу, материалдар жинау, ағаш отырғызуға болмайды, ал жер қазу жүмыстары тек Жеткізуші рұқсатымен жүргізілуі керек.
10. Сумен қамту қызметтерін қолдану кезінде қауіпсіздік техникасын
сақталуы
10.1. Қызметкерлер міндетті:
10.1.1. есептегіш құралдарға мұқият болуы керек;
10.1.2. тетіктерді ашық қалдырмауы керек;
10.1.3. төтенше жағдай туындаған кезде же дел кезекші оқытушыға, күзетшіге немесе директордың шарушылық жұмыс жөніндегі орынбасарына хабарлау керек.