Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК студенттерінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау бойынша кіріспе нұсқаулығы
Көкшетау жоғары медициналық колледжі студенттеріне арналған
қауіпсіздік техникасы бойынша енгізу нұсқауы
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны- студенттер мен медициналық қызметкерлердің тәжірибелік дағдыларын игеру мен бақылау үшін қажетті медициналық жабдықтармен, техникамен, қүралдармен, құрылғылармен жабдықталған клиникалық базасы бар денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы.
Сабақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жарақаттануды алдын алу мақсатымен студенттер нақты нұсқаумен қарастырылған келесі талаптарды сақтауға міндетті.
1. Негізгі ережелер
1.1. Тәжірибелік сабақтардағы еңбек қауіпсіздігі - сабақ барысында зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың студенттерге әсерінен басқа студенттердің шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қорғанған жағдайы.
1.2. Тәжірибелік сабақтарда қауіпсіздік жағдайы - студенттердің тапсырманы орындауы кезінде оқу үрдісі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі мен қорғанысы талаптарына сәйкес келуі.
1.3. Тәжірибелік сабақтарда қауіпсіз жағдайы - зиянды жэне (немесе) қауіпті факторлардың студенттерге эсер етпеуі немесе олардың эсер ету деңгейі қауіпсіздік нормасынан аспайтын білім беру үйымымен жасалған еңбек жағдайы.
1.4. Жеке қорғаныс құралдары - студенттерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлар әсерінен қорғануға арналған күралдар, ол арнайы киім.
1.5. Еңбектің зиянды (аса зиянды) жағдайы - белгілі өндірістік факторлардың әсері студенттің жүмыс қабілетін төмендетуге немесе сырқаттануына немесе оның ұрпағының денсаулығына кері эсер етуіне әкеліп соғатын еңбек жағдайы.
1.6. Қауіпсіздік нормалары - тәжірибелік сабақтар үрдісінде студенттердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған үйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық жэне басқа да нормалар, ережелер, процедуралар жэне критерийлерді қамтамасыз ету көзқарасы бойынша өндіріс, ондірістік жэне еңбек үрдісін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер.
1.7. Өндірістік санитария - тәжірибелік сабақтарда студенттерге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын немесе азайтатын санитарлық- гигиеналық, үйымдастырушылық шаралар мен техникалық қүралдар жүйесі.
1.8. Ұжымдық қорғаныс қүралдары - зиянды жэне (немесе) аса зиянды өндірістік факторлардың әсерінен екі немесе одан да көп жүмыс істеушілерді бір уақытта қорғауға арналған техникалық қүралдар.
2. Еңбекті қорғау бойынша жұмысты үйымдастыру
2.1. Колледждегі оқу үрдісі бойы денсаулықты сақтауга ықпалын тигізетін, қауіпті анықтау, болдырмау немесе шектеу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес келесідей жұмыстарды орындау қажет:
2.1.1. электр қауіпсіздігі бойынша шаралар;
2.1.2. санитарлық ережелерді сақтау мен орындау бойынша тексеріс өткізу;
2.1.3. өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар;
2.1.4. өрт қауіпсіздігін техникалық қызмет көрсету;
2.1.5. оқу зертханаларында қолданылатын нұсқаулық және технологиялық құжаттаманы тексеру;
2.1.6. орындарда аптечкалардың болуын тексеру;
2.1.7. студенттерді кабинеттердегі қауіпсіздік техникасы нұсқауымен таныстыру.
3. Студенттердің міндеттері
3.1. өртке қарсы қызмет ережелерін сақтау;
3.2. барлық кабинеттерде тазалықты ұстану жэне сақтау;
3.3. ақаулар табылған кезде оқытушыға, класс жетекшісіне және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаушыға мәлімдеу;
3.4. оқу үрдісі кезінде жэне колледж аумағында демалу кезінде болған оқыс жагдайлар, улану белгілері, сонымен бірге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін барлық жағдайлар туралы тез арада оқытушыға, кураторға, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаушыға және дәрігерлік амбулатория меңгерушісіне хабарлау;
3.5. міндетті мерзімді медициналық тексерістен өту;
3.6. еңбекті қорғау жэне қауіпсіздігі нормаларын, ережелерін және нұсқауларын, сонымен бірге кабинеттердегі қауіпсіздік техника нұсқауларын сақтау.
4. Өндірістік санитария меи жеке гигиенаның негізгі талаптары
4.1. Осы факторлардың зиянды әсерлерін болдырмау немесе азайту мақсатында қажет:
4.1.1. арнайы киім мен жеке киімді белгіленген орындарда сақтау;
4.1.2. кабинеттерде тамақты сақтауға және тамақтануға тыйым салынады.
5. Алдын алу шаралары
Өткізілетін алдын алу шаралары жеткілікті болуы және сабақ үрдісінде орын алатын спецификалық потенциалды қауіптерді ескеруі қажет. Денсаулықты қорғау және сабақтың қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы қызмет сұрақтарын шешу жеткілікті және білім беру ұйымдарында потенциалды қауіптерді ескеретін келесі фуикцияларды орындайды:
5.1. сабақ үрдісінде пайда болатын денсаулыққа қауіпті факторлар әсерін анықтау жэне қауіпін бағалау;
5.2. санитрарлық жабдықтар, білім беру ұйымы бөлген тамақтану пунктері мен бөлмелерін қосқанда, студенттердің денсаулығына жайсыз эсер ететін өндірістік орта жэне өндірістік операциялар факторларын қадағалау;
5.3. тәжірибелік сабақтарға арналған орындарды ұйымдастыруды, тэжірибе барысында қолданылатын жабдықтар мен басқа да заттарды дұрыс тандау, күту жэне жағдайда ұстауды қосқандағы жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру сұрақтары бойынша кеңес беру;
5.4. алғашқы жэне игұгыл медициналық көмекті ұйымдастыру;
Еңбек қауіпсіздігі нормативтерін сақтаудың, жеке жэне ұжымдық қорғаныс заттарын қолданудың дүрыстық мониторингі жүзеге асырылады, анықталған бұзушылықтарды болдырмау кейін бақылаумен колледж директорымен өкім етеді.
6. Арнайы талаптар
6.1. Сабақ басталмас бұрын:
6.1.1. Арнайы киім, ауыстыратын аяқ киім киіңіздер, шашты колпактың астына салыңыздар.
6.2. Сабақ уақытыида:
6.2.1. тәртіп сақтау;
6.2.2. оқытушының рүқсатынсыз қүралдар мен жабдықтармен қолданбау;
6.2.3. кесу құралдарымен, электр приборларымен, дәрілік препараттармен, химиялық затгармен, отпен тек қана оқытушының қадалауымен жүмыс істеу;
6.2.4. сабақ кезінде ақаулар байқалғанда оқытушыны ескерту;
6.2.5. ТЖ туындаған кезде оқытушының нұсқауын басшылыққа алыңыздар;
6.3. Жұмыс аяқталғаннан кейін:
6.1. жұмыс орнын қалыпқа келтіріңіздер (сабақты жабдықтау, кабинетті жинау, желдету).
7. Жауапкершілік
7.1. Осы нұсқауды сақтамаған үшін кінәлілер ішкі тартіптінің ережесіне сэйкес жауапқа тартылады.